04.04.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары Ақтау қаласы №20 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп кітапханасында оқушылар үшін «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында Конституциялық заңның негізгі аспектілері, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі қарастырылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және болашақ мамандардың азаматтық санасын нығайтуға ықпал етеді.