«Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дәріс өткізілді.

03.04.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары Ақтау қаласы №20 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп мұражайында оқушылар үшін «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дәріс өткізді.

 

Кездесу барысында Конституциялық заңның негізгі аспектілері, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі қарастырылды.

 

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және болашақ мамандардың азаматтық санасын нығайтуға ықпал етеді.