Халық заңгері

Халық заңгері
2024 жылғы 30 мамыры бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге заң тұрғысынан көмектесетін болады. Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз. Ақтау қаласында акция өтетін мекен-жай: 4 ш.а. - 71, Абай ат. Мәдени-демалыс кешені. Басталуы 2024 жылғы 30 мамыр күні сағат 15:00. Кіру тегін!
 «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда.