Семинар өткізілді
Жуырда Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының мамандарының және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Маңғыстау облысы бойынша филиалы өкілінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарда нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Н.Мұратбаев нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сондай-ақ, келісуге ұсынылған НҚА жобаларында әзірлеуші мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жіберген бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде НҚА жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалы еместігі атап өтілді.
Сонымен қатар, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Маңғыстау облысы бойынша филиалының бас маманы Ж.П.Сатканова ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау тәртібі және ресми жариялау үшін мемлекеттік органдармен жолданған НҚА-де орын алған қателіктер туралы баяндама жасады.
Семинар нәтижесінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етуі тиістігі атап өтілді.