Дәріс оқылды.

Дәріс оқылды.

Дәріс оқылды.

Жуырда Маңғыстау облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппаратында ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты Маңғыстау облысы бойынша филиалы өкілінің қатысуымен аппарат қызметкерлері арасында дәріс оқу ұйымдастырылды.

Өз кезегінде, бөлімнің бас маманы Н.Мұратбаев «Нормашығармашылық мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, келісуге ұсынылған НҚА жобаларында әзірлеуші мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жіберген бұзушылықтар мен кемшіліктерді айтып өтті.

Сонымен қатар, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Маңғыстау облысы бойынша филиалының бас маманы Ж.П.Сатканова ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау тәртібі және ресми жариялау үшін мемлекеттік органдармен жолданған НҚА-де орын алған қателіктер туралы баяндама жасады.

Семинар нәтижесінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етуі тиістігі атап өтілді. Дәріс оқуға қатысушылармен қойылған барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.