Маңғыстау облысы Әділет департаменті мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде 51809 әскери бөлімінің заңгері Әділет аға лейтенанты Әлібек Бүркітбайұлы Валеевпен, сондай-ақ Маңғыстау облысы Адвокаттар алқасының және заң консультанттары палатасының мүшелерімен бірлесіп, Ақтау қаласының 51809 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында мерзімді әскери қызметшілер тегін заң көмегін алды. Сонымен қатар, 51809 әскери бөлімінің қолбасшылығымен осы іс-шараны басқа елді мекендерде орналасқан бағынысты бөлімшелерінде өткізу туралы мәселе қарастырылды.