Ақтауда «Халық заңгері» акциясы өтеді

Ақтауда «Халық заңгері» акциясы өтеді

2023 жылғы 26 мамыры бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге заң тұрғысынан көмектесетін болады. Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз. Ақтау қаласында акция өтетін мекен-жай: 19а шағын аудан, Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхана. Басталуы 2023 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00 (жергілікті уақыт). Кіру тегін! «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда.