«КОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КОНКУРСТАР

«КОНТРАФАКТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КОНКУРСТАР

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 2-26 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.

Аталған акция шеңберінде келесі байқаулар ұйымдастырылады:

1) 2022 жылдың 2 мамырынан 10 мамырына дейін «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 14 жасқа дейінгі  балаларға арналған үздік сурет байқауы;

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде. Әділет департаменттері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін а.ж. 11 мамырында байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2022 жылдың 17 мамырында өткізіледі. Байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша (облыстық, қалалық) әділет департаментіне баланың туу туралы куәлігінің суреті мен көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді ұсыну қажет.

2) 2023 жылдың 2-15 мамыры аралағында «Контрафакт» тақырыбындағы үздік слоган байқауы (14 және одан жоғары жас санатында).

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Instagram әлеуметтік желісінің алаңында қатысушының жеке профилінде (accaunt) логотипті орналастыру арқылы өткізіледі.

Бұл ретте қатысушының Instagram профилі ашық екеніне көз жеткізу болуы, @adiletgovkz парақшасына жазылу, Instagram желісінде «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына ұран орналастыру, түсініктеме орналастыру #слоганконтрафакт2023 көрсету қажет.

3) 2023 жылдың 2-15 мамыры аралағында «Қазақстанда контрафактіге орын жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик байқауы (14 және одан жоғары жас санатында).

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Instagram әлеуметтік желісінің алаңында қатысушының жеке профилінде (accaunt) бейнероликті орналастыру арқылы өткізіледі.

Бұл ретте қатысушының Instagram профилі ашық екеніне көз жеткізу болуы, adiletgovkz парақшасына жазылу, «Қазақстанда контрафактіге орын жоқ» атты тақырыбына Instagram желісіне қысқа бейне ролик түсіріп, орналастыру, бейне баянның сипаттамасында қатысушының аты-жөні, тұған жылы, елді мекені және #Конкурс_НЕТ_контрафакту_2023,  @adiletgovkz көрсету қажет.

Бейне роликтің  ұзақтығы 1 минуттан аспайды.

Жеңімпаздар 2023 жылдың 26 мамырында  «Контрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталады.