Азаматтарға қабылдау жүргізілді

Азаматтарға қабылдау жүргізілді

28.04.2023 ж. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдарының өкілдері, адвокаттар, нотариус және заң консультанттары достық үйінде азаматтарға қабылдау жүргізді. Іс-шара барысында мамандар азаматтарға еңбек, салық, денсаулық сақтау, тұрғын-үй, атқарушылық іс-жүргізу мәселелері бойынша кеңес  берді. Алдағы уақытта департаменттің азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмыстары жалғасын табады. Аталған іс-шаралар туралы ақпарат алдын-ала инстаграм парақшасында жарияланып тұрады.