Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ.Жұмағұловпен жиын өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ.Жұмағұловпен жиын өтті
Бүгін Маңғыстау облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ.Жұмағұловпен жиын өтті. Іс-шарада Тоқтамыс Қадөшұлы    мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Толығырақ атап өткенде, жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің ауылдық және аудандық деңгейлерде конкурссыз қызметке тағайындалуға мүмкіндік болатындығын, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің өткізілетіндігін, мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттелетіндігін, мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесінің бес мемлекеттік органда пилоттық сынақтан өтетіндігін, өңірде тәртіптік істердің саны азайып бара жатқандығын жеткізді.
Жиынның соңында қызметкерлер толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.