Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі 

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі 

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, типтік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек;

Жарғы екі тілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің типтік жарғысыналуға болады. Егер пәтериелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастарыт уралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.

Сілтемелер: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020283, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020412