Жылжымайтын мүлікке тіркелген ауыртпалықтарды тексеру

Жылжымайтын мүлікке тіркелген ауыртпалықтарды тексеру

Үйіңізді немесе пәтеріңізді сату үшін келісім-шарт жасауға нотариусқа барғанда мүлігіңізді сатуға тыйым салатын кедергілер анықталуы мүмкін.

Ол - борышыңыз үшін сот орындаушысымен салынған тыйым, салықтық берешегіңіз үшін мемлекеттік кіріс органымен салынған шектеу немесе басқа да ауыртпалықтар.

Жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым мен шектеулердің бар не жоғын нотариусқа бармай тұрып алдын ала қайдан білуге болады? Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамадан.

Анықтаманы алудың келесідей жолдары бар.

- Egov порталы арқылы;

- Egov мобайл мобильді қосымшасы арқылы немесе EgovkzBotтелеграм бот арқылы.

Анықтаманың 1-ші бөлігінде жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамалары, 2-ші бөлігінде тіркелген құқықтар, ал 3-ші бөлігінде тіркелген ауыртпалықтар, яғни тыйымдар мен шектеулер көрсетіледі.

Тіркелген ауыртпалық болған жағдайда оны алу (шешу) үшін ауыртпалықты қойған мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жүгінуіңіз қажет.