Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?

2020 жылдың 7 қаңтарында пәтериелері кооперативтерінің (ПИК, ПИТК, ТК) 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі (ММИБ) басады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі – бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емесүй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады. ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет.

Жай серіктестік – барлық ортақ меншік иелерінің азаматтық-құқықтық шарт негізінде үйді бірлесіп басқаруы және күтіп ұстауы. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді. «Тұрғын үй қатынастарыт уралы» Заңының 43-1 бабының 3 тармағына сәйкес, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
        ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет:

  • меншік иелерінің жиналыс хаттамасы;
  • ММИБ жарғысы;
  • Заңды тұлғаны тіркені үшін мемлекеттік алым (1АЕК, 3063 теңге).

Жиналыс хаттамаларының  үлгілік нысаны мен ММИБ-тің үлгілік жарғысы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министірінің 2020 жылғы30 наурыздағы және 15 сәуірдегі № 163 және № 205 бұйрықтарымен бекітілген,

ММИБ тіркеу сұрақтары бойынша  30-20-10 (ішкі 123) телефоны арқылы біле аласыздар.

 

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау бөлімі