Шығармашылық одақтарының өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылдың мамыр айының 13 жұлдызында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің басшысы Ж.Құсайын Қазақстан суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы филиалының мүшесі Б.Айтбайұлымен кездесті. Кездесу барысында облысымыздағы авторлық және сабақтас құқықтардың қолданылуы туралы және осы бағытта қызмет атқарып жатырған ұйымдар туралы мәселелер талқыланды.