Цифрлық мемлекетке көшу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекітілген болатын.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бес бағытының бірі бұл - "Цифрлық мемлекетке көшу", яғни азаматтар мен бизнес үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер.
Халық пен бизнесті олардың мұқтаждықтарына сәйкес Сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ететін ашық және тиімді мемлекет құруға бағытталған "Цифрлық мемлекет" саласын дамыту мақсатында сот орындаушылары институтының даму тарихындағы кезектi даму кезеңi – сот орындаушылардың қызметтін автоматтандыруға көшті.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖО ААЖ) әзірленіп, қолданысқа енгізілген болатын, ол атқарушылық құжаттарды жедел орындау, сот орындаушыларының жүктемесін азайту, сот актілерін орындауға байланысты құжат айналымын қысқарту жөніндегі міндеттерді шешуге ықпал етіп және жалпы атқарушылық іс жүргізу процесін автоматтандырды.
Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындауда, борышкерлердің мүліктік жағдайы туралы ақпаратты электрондық форматта алу және олар бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен интеграциялау жүргізілді.
АІЖО ААЖ жүйесіндегі тараптардың кабинеті бар, ол арқылы өндіріп алушы мен борышкер өздеріне қатысты барлық атқарушылық іс жүргізулерді және олар бойынша қабылданған шараларды көре алады.
Сондай-ақ борышкерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының қалалары мен облыстарының қоғамдық орындарында кассалық қызметтер мен терминалдар арқылы өз берешегіне ақы төлеуді жүргізуге мүмкіндік беру мақсатында тиісті функционал әзірленіп, пайдалануға енгізілді.
Сондай-ақ, IOS және Android (смартфондар) базасында мобильдік қосымшалардың көмегімен онлайн төлем функционалы іске асырылды.
Бұл сервисті халық оң қабылдап және табысты пайдалануда, өйткені берешекті төлегеннен кейін жүйеде автоматты түрде қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы сот орындаушысының қаулысы қалыптасады және барлық шектеулер, оның ішінде шығуға тыйым салу автоматты түрде алынып тасталады, және борышкерге сот орындаушысына барудың және төлем туралы растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.
Министрлік қол жеткізілген нәтижелерге тоқтамай, озық елдердің тәжірибесін қолдана отырып, сот орындаушыларының процестік және атқарушылық әрекеттерін толық автоматтандыру, сондай - ақ сот орындаушыларының мәртебесін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда, бұл мемлекеттік органдармен қағаз құжаттан толық бас тартуға және "Е-Атқарушылық іс жүргізуге" көшуге мүмкіндік береді.
Атқарушылық іс жүргізу жүйесінде заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы атқару өндірісін жеңілдетуге, бюрократиялық кедергілерді жоюға, сот орындаушылардың азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізді және еліміздің тұрғындары үшін атқарушылық іс жүргізу жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызды.
«Маңғыстау ауданаралық
сот актілерін орындау жөніндегі
аумақтық бөлімі» филиалының
сот орындаушысы Н.О.Ақмұхан