Әділет министрлігі Құқықтық ақпараттық қызметті тәулік бойы жұмыс режиміне өткізді

Әділет министрлігі Құқықтық ақпараттық қызметті тәулік бойы жұмыс режиміне өткізді

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, азаматтарға құқықтық көмек көрсету бағытында бірқатар шаралар қабылдады.

Біріншіден, құқықтық ақпараттық қызмет,  операторлар санын өсіру арқылы тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшті. Азаматтар құқықтық сипаттағы сұрақтары бойынша тиісті жауаптарды  +7(7172) 58 00 58 және 119 нөмірлері бойынша ала алады

Екіншіден, төтенше жағдай кезінде барлық санаттағы атқарушылық өндірістер мен әрекеттер кейінге қалдырылады. Бұл шешім туралы барлық сот орындаушылар ақпараттандырылды.

Үшіншіден, еліміздің барлық өңірлерінде туу туралы куәлікті рәсімдеу үздіксіз жүргізіледі,  оның ішінде медициналық орталықтар да бар.