Семинар

Семинар

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында «Заң консультанттарының заң көмегін көрсетуі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы м.а. Ғ.Бақытжанова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Тленов, азаматтық істерді қарайтын облыстық судьялар, Маңғыстау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары А.Көшкінбаева, Маңғыстау облысы заң кеңесшілері палатасының төрағасы И.Машинский, сонымен қатар адвокаттар мен заңгерлер қатысты.

Шара соңында қатысушылар осы тақырып аясында пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.