Ашық есік күні

Ашық есік күні

18 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.02.2021 жылғы №50 қаулысымен бекітілген 2021 жылға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі жөніндегі Жол картасының 59-тармағын орындау мақсатында облыстық әділет департаменті басшысы азаматтарды қабылдады.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтық салада туындайтын мәселелерін тиімді шешу.

Іс-шара қорытындысы бойынша келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған сұрақтар бойынша толық түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.