Коммуналдық төлемдерді төлемей жүрсізбе?

Коммуналдық төлемдерді төлемей жүрсізбе?

Коммуналдық төлемдерді төлемей жүрсізбе?

 

Оны Сізден өндіру оңай, бірақ ол Сізге қосымша қаржылай шығыс әкеледі.

Интернетті пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлемін 3 ай бойы төлемеген пәтер иесінен жиналған берешекті интернет қызметін көрсетуші ұйым қалай өндіргенін мысалға келтіруге болады.

Интернетті пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлемін 3 ай бойы төлемеген пәтер иесінің борышы (берешегі) 15000 теңгені құраған (ай сайын 5000 теңге).

Интернет қызметін көрсетуші ұйым нотариустан тұтынған қызметі үшін берешекті өндіру туралы атқарушылық жазба жасатып, оны орындау үшін жеке сот орындаушыларына жолдайды.

Алайда, сот орындаушысы борышкерден 15000 теңге емес 22396,25 теңге өндіреді.

Неге 22396,25 теңге? Себебі, 22396,25 теңгенің:

15000 теңгесі негізгі қарыз;

2917 теңгесі атқарушылық жазба жасау үшін шығындар (2917 теңге яғни 1 АЕК-тің: 0,5 АЕК нотариустың нотариаттық іс әрекет жасағаны үшін мемлекеттік баж + 0,5 АЕК атқарушылық жазба жасағаны үшін нотариустың қызмет ақысы);

4479,25 теңгесі, яғни 17917 теңгенің (15000+2917) 25 % - ы жеке сот орындаушысының қызмет ақысы;  

ҚР «Нотариат туралы» Заңының 30-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес өндіріп алушы нотариусқа атқарушылық жазба жасаған кезде мемлекеттік баж ретінде және құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтер үшін төлеген шығыстар борышкердің есебіне жатқызылуға тиіс.

Сондай-ақ, ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының 138 бабының 4 тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді және осы Заңның 118 бабының 1 тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен 60 АЕК-ке дейін мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін жеке сот орындаушысының қызмет ақысы өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде белгіленген.

Осылайша, борышкердің жалпы берешегі 15000+2917+4479,25=22396,25 теңгені құрап, пәтер иесіне қосымша 7396,25 теңге шығын әкелді.

Ал енді ойланып көріңізші, коммуналдық төлемдерді сот орындаушысымен өндіруге жеткізбей ай сайын төлеп тұрған Сізге тиімді емес пе?

Дәл осы мысал секілді коммуналдық қызметтің басқа да түрлері үшін борышты өндіру осы тәріппен жүргізіледі.

Осы ретте, коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеу қосымша қаржылық шығыстардың алдын алу екендігін назарларыңызға береміз.

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаменті

 

 

 

2021 жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2917 теңге