ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР  НАЗАРЫНА!

 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес ұйымдардың (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға) және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрылтай құжаты жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда тіркеуші органнан оның телнұсқасын алу қарастырылған.

Жарғының (ереженің) телнұсқасын беру тәртібі «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесімен реттелген.

Аталған ережеге ҚР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №121 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді бұл мемлекеттік қызмет egov.kz  порталы арқылы электронды түрде көрсетілетін болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)  Электронды өтініш;

2) Заңды тұлғаның мөрiмен бекемделген, жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешімінен үзiндiнің электрондық  көшірмесі;

           3) Жарғының (ереженің) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпарат көрсетілген мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжаттың электрондық  көшірмесі.

            Жарғының (ереженің) телнұсқасын беру – тегін.

Өтініш берілгеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған жарғының (ереженің) телнұсқасы өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жолданатын болады.