Отбасы күні атап өтілді.

Отбасы күні атап өтілді.

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін «Отбасы күніне» орай, Ақтау қаласының «Неке сарайында» мерекеге тұспа-тұс келген жас жұбайлардың неке қию рәсімі өткізілді.
«Отбасы күніне» байланысты өткізілген салтанатты неке қию рәсімінде Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы С.Д.Тулебаева, облыстық әділет департаментінің басшысының орынбасары Ә.Ө.Көшкінбаевалар жас жұбайларға құттықтау тілектерін айтып, неке қию куәліктерін табыс етті.

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспа сөз қызметі