Меню
Страницы
О Департаменте
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Әдеп жөніндегі уәкілдермен өткен кезекті семинар

Әдеп жөніндегі уәкілдермен өткен кезекті семинар
 
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен онлайн форматта семинар болып өтті.
 
Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі (Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі) Мендалиев Ерлеген ашып, баяндама жасады.
Басшы орынбасары өзінің баяндамасында мемлекеттік органдарда құжат айналымын төмендетуге, икемді жұмыс кестесін құруға, еңбек заңнамасын қатаң сақтауға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін және қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға, осылайша тиімді күн тәртібін белгілеу бағытында атқарылып жатырған жұмыстардың барысына тоқталды.
 
Нақтырақ айтқанда, соңғы жылдардың ішінде Агенттіктің және аумақтық департаменттер тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасау деректері азайған. Қызметшілерді жұмыстан тыс немесе демалыс күндері жұмысқа тарту кезінде, олардың келісімімен жүргізіледі. Әсіресе бұл тәжірибе облыс әкімдігінде кеңінен қолданылады.
Дегенмен де, бұл мәселе өзінің шешімін тапты деуге әлі ерте. Оған дәлел ретінде, бақылау жүйелерінің мәліметтерін және мемлекеттік қызметшілерден түсетін шағымдарды келтіріуге болады, деді өз сөзінде Е.Мендалиев.
Мемлекеттік органда қызметшілердің құқықтарын қорғайтын бірден-бір тұлға бұл - Әдеп жөніндегі уәкіл. Сол үшін де, мемлекет Әдеп жөніндегі уәкілдердің институтын енгізген болатын.
 
Заң бар бірақ ол неге орындалмайды? Кейбір Әдеп жөніндегі уәкілдер өздерінің осы бағыттағы функцияларына көп көңіл бере бермейді. Негізінен айтылып отырған мәселеге Әдеп жөніндегі уәкілдер тікелей жауапты екендерін баяндамашы Е.Мендалиев тағыда бір ескертті.
Мәселенің маңызды екендігін ескере отырып, аумақтық Департамент 29.09.2021 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен арнайы Меморандумға қол қойды.
 
Алдағы уақытта, мемлекеттік органдарда еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың сақталуы бойынша жұмыстар одан әрі күшейтілетін болады.
 
Бұдан басқа, жиында аумақтық департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Долдашев Нұрбол БАҚ мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелерін сақтау деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижелеріне тоқталып өтті.
 
Кей жағдайда, БАҚ-да жағымсыз жарияланымдар шыға салысымен оларға қатысты тиісті мемлекеттік органдар тарапынан дер кезінде қарымта хабарлар берілмейді. Сыни мақала (ақпарат) жарияланған жағдайда мемлекеттік орган немесе қызметшілерге қатысы барын/жоғын неғұрлым жылдам арада тексеріп, расталмаған жағдайда БАҚ өкілдерімен, блогерлермен тиісті іс-шараларды жүргізу қажет.
Мысалыға, 2020 жылы 8 қызметші карантин режимін бұзып, қоғамдық резонанс тудырған. Қарау қорытындысында қызметшілер әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған.
 
2021 жылы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының лауазымды тұлғасына қатысты сыни мақала қоғамдық резонанс тудырғаны мәлім болып, нәтижесінде Әдеп кодексінің талаптарын өрескел бұзғаны үшін қызметінен босатылған.
Бейнеу ауданы әкімдігінің басшылық құрамдағы лауазымды тұлғасы қарамағындағы қызметшіге телефон арқылы қызметтік міндетінен тыс тапсырмалар берген.
 
Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы мемлекеттік қызметке орналасу кезінде анкетасына көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін, мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған.
Бұдан басқа, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының бұрынғы басшысы қарамағындағы қызметшілерімен қызметтік кабинетінде ішімдік ішетіндігін әдептке айналдырған. Нәтижесінде Инспекцияның бұрынғы басшысы қызметтен босатылған.
Яғни, кейбір Әдеп жөніндегі уәкілдер өздеріне берілген функцияларды атқару кезінде тәрбиелік бағытта жұмыстар жүргізбей отырғандығын жеткізді.
 
Жүйелі түрде қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызатыны мәлім.
 
Бұл орайда, аталып өткен деректерді жою, болдырмау және тұлғалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар тек аумақтық Департаменттің араласуынан кейін ғана қалпына келтіріліп отырады.
 
Сонымен бірге, жиында қызметшілерге келіп түсетін сыйлықтарды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру органына өтеусіз беруге және құқыққа сыйымсыз пайдаланған, көрсетілген қызметтердің құнын республикалық бюджетке (мемлекеттік кірістер органдары арқылы) ақша аудару арқылы өтеуге міндетті екеніндігі атап өтілді.
 
Бұл бағытта 2020-2021жылдары аралығында облыстағы мемлекеттік органдардың қызметшілерімен мемлекеттік қорға 9 (набор шоколадный конфет, печенье, шай, шампанское, жар сағаты, кеңсе креслосы, шоқ гүлі) сыйлықтар тапсырылғаны да баяндалды.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады. Жиын соңында сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар берілді.
Дата публикации
04 октября 2021
Направления деятельности
Праворазъяснительная работа
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК