Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Маңғыстау облысының Әділет департаменті, Ақтау қаласы, 3Б шағын ауданы, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша, анықтама үшін телефон: 8 (7292) 302010 (117), тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу 2021 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 09:00 – де (жергілікті уақыт бойынша) өтетінін хабарлайды.

Аттестаттау ҚР әділет министрінің 29.05.2020 жылғы №69 бұйрығымен бекітілген «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

29.05.2020 жылғы №69 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалар бойынша, аттестаттау екi кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне тест тапсыру;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі компьютерлік тестілерге (бұдан әрі - тест) енгізілуі тиіс және бір дұрыс жауабымен кемінде үш нұсқасы бар Қазақстан Республикасының , Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін , Қазақстан Республикасының , Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін  және Заңды  білуіне сұрақтар тізбесін жасайды.  Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді.

Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.
Тестілеу үшін берілген уақыт 90 минутты құрайды.

Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

2) үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

Емтихан билетіне еңгізілетін сұрақтардың тізбісін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігімен бекітіледі. Емтихан билетіне сұрақтар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ кіреді. Үміткерге емтихан билеті бойынша дайындыққа 10 минут беріледі. Емтихан билеттері бойынша дұрыс берілген ауызша жауаптар Комиссия мүшелерімен бесбалдық жүйсемін бағаланады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

Аттестаттаудан өтпеген үміткерлерге келесі аттестаттауға қайтадан қатысу үшін кедергі болмайды.

Аттестаттау жүргізілген кезде туындаған даулар сот тәртібінде қаралады.

Үміткерде комиссия отырысына келген кезде жеке куәлігі болу керек.