Атқарушылық құжаттардың орындалысы барысы туралы

Атқарушылық құжаттардың орындалысы барысы туралы

Атқарушылық құжаттардың орындалысы барысы туралы

   Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің «Ақтау аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі» филиалының өндірісінде 2021 жылдың  басынан бастап мүлікті тәркілеу туралы 36 атқарушылық құжат болған. Оның ішінде, әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу – 15, қылмыстық істер бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу – 21

     Мемлекеттік сот орындаушысымен сот актілерін орындау барысында жоғарыдағы көрсетілген санаттағы атқару құжаттары бойынша борышкерлердің мүліктері анықталып, оларды мемлекет пайдасына өндіруге, оның ішінде оны жоюға да бағытталған жұмыстар атқарылды.

     Атқарушылық құжаттарын орындау барысында «Ақтау аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысымен әкімшілік немесе қылмыстық жолмен тәркіленген алкогольдік өнімдер, автокөліктер және әртүрлі құрылыс жабдықтары мемлекет пайдасына Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментіне тапсырылды.

     Қазіргі таңда толық 22 атқару құжаты орындалды.

 Маңғыстау облысының әділет департаменті