Пилоттық жобаны жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Пилоттық жобаны жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Маңғыстау облысы әділет департаментімен 10.02.20201 жылы Ақтау қалалық полиция басқармасының ғимаратында облысымыздың аумағында қорғаушы ретінде адвокатты тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу мен төлеу процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пилоттық жоба бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын айтты.

Айта кету керек, бұл пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 10.08.2020 жылғы Бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты қылмыстық процесті сотқа дейінгі тергеп-тексеру, "заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу сатысында жүргізетін органдардың адвокат ретінде тағайындау процестерін автоматтандыру болып табылады.