
Маңғыстау облысының Әділет департаменті жеке кәсіпкердің өтініші негізінде автокөлік қозғалтқышының майларын өткізу кезінде тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында тауар белгісіне құқықтарды бұза отырып, автокөлік қозғалтқышының майларын заңсыз сату фактісі анықталды.
Анықталған құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы негізінде «Д» ЖШС-не әкімшілік айыппұл салынды.
Әділет департаменті тауар белгілеріне қатысты құқықтарды қорғау және зияткерлік меншік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.