
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ғимаратында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
🖇️Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жұмағұлов төрағалық етті. Жиынға Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Каримов, жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандары және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
🔎Жиын барысында мемлекеттік аппарат қызметін заңдылық, ашықтық және тиімділік қағидаттары негізінде жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметіндегі артық әрі қайталанатын рәсімдерді оңтайландыру, әкімшілік және басқарушылық процестерді жеңілдету мәселелері талқыланды.
🔎Маңғыстау облысы Әділет департаменті тарапынан мемлекеттік органдардың қызметінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әкімшілік рәсімдерді жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік басқару жүйесінде заңдылықты қамтамасыз етумен қатар, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және азаматтар мен бизнес субъектілері үшін негізсіз әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды.