
«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері мен конституциялық жаңашылдықтарын түсіндіруге арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы Әділет департаменті тарапынан Конституцияның негізгі қағидаттары, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың құқықтық мәні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.
Семинар аясында қатысушыларға конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы, құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, заңнамадағы өзекті жаңалықтарға қатысты сұрақтарға түсіндірмелер ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституцияның негізгі қағидаттарын тереңірек түсінуге және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталды.