
Мұнайлы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Ф.Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінде «Құқықтық дәріхана» атты ашық құқықтық акциясы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету және алдын ала жазылусыз оларды мазалаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Акция барысында 100-ге жуық аудан тұрғындары әр-түрлі сұрақпен тікелей прокурорларға жүгініп, нақты құқықтық кеңес алды.