Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н. Каримов азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында азаматтар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері, сондай-ақ шетелде білім алу мақсатында ұсынылатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі бойынша сұрақтарын қойды.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер мұқият тыңдалып, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті құқықтық түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Маңғыстау облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді.