«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының аумақтық нотариаттық палатасының мүшесі - жекеше нотариус Н.Д.Демегеновамен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қабылдауға келген азаматтар нотариаттық қызметке қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Атап айтқанда:
• мұрагерлік құқықты рәсімдеу тәртібі;
• сенімхаттарды куәландыру мәселелері;
• жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелерді нотариаттық рәсімдеу тәртібі жөнінде сұрақтар көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді.