
«Мұнайлы ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушыларымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Заң және жасөспірім: құқық пен жауапкершілік», «Интернет-алаяқтықтан қорғанудың жолдары» тақырыптарында дәріс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.
Сонымен қатар, оқушыларға заң саласына қатысты көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сайкес жауаптар берілді.