«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп азаматтарға арналған «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. 

 

Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.