
Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің 2026 жылғы "Антиконтрафакт" республикалық акциясы аясында Әділет департаментінің бас маманы Қ.Баспаулиева Ш.Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесіп, "Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар инновациялар!" тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты - зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету. Сондай-ақ, контрафакт өнімдерді тарату проблемасы туралы халықты хабардар ету.
Семинар барысында студенттер зияткерлік меншік саласы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.