«Бос орындар жәрмеңкесі» акциясы өткізілді

«Бос орындар жәрмеңкесі» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің бітіруші 4 курс студенттеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» акциясы өткізілді.

 

Жәрмеңкеге Маңғыстау облысы Әділет департаментінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысып, өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Аталған шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеу, оларды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ кәсіби бағдар беру арқылы болашақ мансаптық бағыттарын айқындауға ықпал ету болып табылады.

 

Іс-шара барысында студенттерге мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, конкурсқа қатысу кезеңдері, қойылатын талаптар мен іріктеу рәсімдері жан-жақты түсіндірілді.