
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Маңғыстау облысының Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың бастамасымен және Маңғыстау облысы аумақтық нотариаттық палатасының жекеше нотариустарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара «Нотариаттық қызметке үміткер тұлғалардың тағылымдамадан және аттестациядан өтуіне қойылатын талаптардың сақталуы» тақырыбына болды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – нотариаттық қызметке үміткер тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, сондай-ақ біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болды.
Шара барысында қолданыстағы заңнама нормалары, оның ішінде үміткерлерге қойылатын талаптар, тағылымдамадан өту тәртібі және аттестациялау рәсімдері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, практикада туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Ерекше назар үміткерлердің жоғары заң біліміне қойылатын талаптардың сақталуына және құжаттарды қабылдау кезінде біліктілік талаптарын мұқият тексерудің маңыздылығына аударылды.