Адвокат А.Б.Суюндуковпен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында студенттерге дәріс өткізілді

Адвокат А.Б.Суюндуковпен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында студенттерге дәріс өткізілді

07.04.2026 жылы Маңғыстау облысының Адвокаттар алқасының мүшесі - адвокат А.Б.Суюндуковпен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің студенттеріне «Адвокат болу тәртібі мен қоғамдағы рөлі», «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» тақырыптарында дәріс өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру. 

 

Сонымен қатар, студенттердің заң бойынша көкейтесті сұрақтарына адвокатпен қолданыстағы заң нормаларына сайкес жауаптар берілді.