
Маңғыстау облысының Әділет департаменті тарапынан «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізіп, Әділет департаментінің қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы туралы кеңінен баяндады.
Аталған шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру, болашақ заңгерлердің кәсіби құқықтық санасын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті нығайту болып табылады.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Заң мен тәртіптің сақталуы – қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты кепілі.