Маңғыстау облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді

Маңғыстау облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді.

 

Департамент басшысы А.Н.Каримовтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы департамент мамандарына арналған мазмұнды дәріс оқыды. Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

 

Сонымен қатар, ішкі тәуекелдерді анықтау және оларды төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығы атап өтіліп, алдын алу шараларын күшейту бағытында нақты ұсыныстар берілді. Бұл - мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

 

«Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстана отырып, әділ әрі ашық қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.