
Маңғыстау облысының Әділет департаменті қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Осы ретте, Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Назгүл Көңілқос Ш.Есенов атындағы технология университетінің студенттерімен кездесіп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мазмұнды дәріс өткізді.
Аталған шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларына және «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес ұйымдастырылып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Дәріс барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, сапасы және ашықтығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, бұл кездесу азаматтардың құқықтық көмекке қол жеткізу мәселесіне ерекше назар аударуға бағытталды. Әділет департаменті халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету мақсатында тұрақты түрде осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды жүзеге асыруда.
📌 Құқықтық сауаттылық – әділ қоғамның негізі.
📌 Заң мен тәртіп – тұрақты дамудың кепілі.