Заң клиникасы аясында кәсіби кездесу өтті

Заң клиникасы аясында кәсіби кездесу өтті

Заң клиникасы аясында кәсіби кездесу өтті

 

Тәжірибелі жеке сот орындаушысы Мусин Қолғанат  Қалдыбаевичтің қатысуымен «Сот актілерін орындау: сот орындаушысының қызметі мен құқықтық маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік кездесу жоғары деңгейде өткізілді.

 

Іс-шара барысында жеке сот орындаушысы қызметінің құқықтық негіздері кеңінен түсіндіріліп, сот тәжірибесіндегі өзекті проблемалар жан-жақты талқыланды. Студенттер кәсіби тәжірибемен танысып, саладағы маңызды мәселелер бойынша құнды ақпарат алды.

 

Сонымен қатар, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Құқықтану мамандығының студенттері іс-шараға белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты.