Құқықтық тәжірибе алаңы: нотариуспен кәсіби кездесу
Бүгін Yessenov University жанындағы Заң клиникасы аясында құқықтану мамандығының студенттері үшін нотариус Мулдашева Алмагуль Куламановнамен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға бағытталды.
Кездесу барысында нотариат қызметінің ерекшеліктері, нотариалдық әрекеттерді рәсімдеу тәртібі және нотариустың кәсіби тәжірибесі туралы маңызды ақпараттар айтылды. Студенттер тарапынан алимент өндіру туралы келісімді нотариалды түрде рәсімдеу мүмкіндігі, нотариус болу үшін қойылатын талаптар және нотариат саласында тәжірибеден өтудің маңызы туралы көптеген сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар нотариаттық әрекеттер барысында азаматтардың жеке басын анықтау, құжаттарды рәсімдеу кезінде паспорттық тіркеу органдары мен ХҚКО-ның (ЦОН) рөлі де түсіндірілді.
Осындай кездесулер болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және құқықтық тәжірибені терең түсінуге мүмкіндік береді.