Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.

🔹Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Маңғыстау облысының Әділет департаменті қызметкерлерінің және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А.С.Кужиевтің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

 

🔹Іс-шара барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен өткен онлайн-кеңестің күн тәртібінде көтерілген мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының жобасы қаралды. Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж.Жумин аппараттық кеңесте жаңа Конституцияның елеулі жаңашылдықтары таныстырылғанын атап өтіп, сондай-ақ Конституцияны әзірлеу және оны қоғамдық талқылау үдерісі ашық форматта өткенін ерекше айтты.

 

🔹Семинар соңында қызметкерлер конституциялық реформа мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сондай-ақ жекелеген заңнамалық нормаларға қатысты сұрақтарын қойды.