
2026 жылдың 29 қаңтарында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары Ақтау қаласы №20 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп оқушыларына "Мен және менің құқығым", "Буллинг және оның алдын алу» тақырыптарында арнайы дәріс өткізді.
Шараның мақсаты — мектептерде буллингтің алдын алу, оқушылардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
Дәріс барысында мамандар буллингтің түрлерін, оның теріс салдарын және алдын алу жолдарын баяндады.
Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Олар өздерінің күнделікті өмірінде кездесетін түрлі жағдайлармен бөлісіп, мамандардан кеңестер алды.