Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары және Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының Жаңаөзен қаласы бойынша адвокатымен бірлесіп, «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында «Жаңаөзен жастар орталығы» ғимаратында білім алушыларға "Тәртіпті өзіңнен баста", "Интернет-алаяқтықтан қорғанудың жолдары" тақырыптарында дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Балалар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.