Облыстық заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді

Облыстық заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді

Маңғыстау облысы Әділет департаменті Маңғыстау облысының әкімінің аппаратымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында облыстық заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді. 

 

Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын  арттыру. 

 

Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.