Департаменттің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысымен лекция өткізілді.

Департаменттің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысымен лекция өткізілді.

25.11.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы І.Бердібековпен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің 2-3 курс студенттеріне «Географиялық нұсқаманы электрондық тіркеу, қорғау және дамыту», «Конституция - заңнаманың бастауы» тақырыптарында дәріс өткізіліп, конкурстар ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру. 

 

Шара барысында студенттерге ҚР Конституциясында бекітілген адам құқықтарының қорғалуы және оның іске асырылуына қатысты сұрақтар қойылды. 

 

Сонымен қатар, студенттер ҚР заңдарымен бекітілген заң қағидаттарының қолдану аясындағы туындайтын мәселер бойынша өз ойларын айтып, пікірталастар болды.