26.11.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің және "AMANAT" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастырумен Бейнеу ауданының Сыңғырлау ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ұйымдастырылған шара барысында заң қауымдастығы өкілдерімен азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.