Бейнеу ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді.

Бейнеу ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді.

25.11.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің және "AMANAT" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастырумен Бейнеу ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. 

 

Қабылдау барысында құқық қорғау органдарының басшылары және заң қауымдастығы өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегі, білім саласы, алимент өндіру мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 

Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық кеңестер берілді.