
24.10.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің мамандарымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық» колледжінің студенттеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», «Конституциялық кепілдіктер мен құқықтар», «Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар» тақырыптарына дәріс оқылды.
Студенттердің қолданыстағы заң нормалары мен олардың қолданылуы бойынша көкейтесті сұрақтарына департамент мамандарымен қолданыстағы заң нормаларына сәйкес жауап берілді.